БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияларға аударудың ережесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияларға аударудың ережесі жарияланды

19.02.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаны енді тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана емес, басқарушы компанияларға да аударуға болады. Бүгін қор соның ережесін жариялады. Ол үшін enpf.kz сайтына өтініш беру керек. Сөйтіп жеткілікті шегінен асатын ақшаңыз инвестициялық компанияның шотына бір ай ішінде аударылады. Әзірге зейнетақы жинағын басқаруға екі банк ниет білдіріп отыр. Бірінің комиссиялық сыйақысы 3,5, екіншісінікі 5 пайыз. Яғни сонда ақшаңыз депозиттегі секілді ай сайын өсіп отырады. Бірақ қаржыны кез келген уақытты шешіп алып, жеке мақсатта пайдалана алмайсыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу