Мұнайлы ауданындағы провизорлық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайлы ауданындағы провизорлық стационар жабылды

19.02.2021

Маңғыстауда Мұнайлы ауданындағы 40 орындық провизорлық стационар жабылды. Өйткені, науқастар саны азайып, эпидемиологиялық ахуал жақсарған. Аурудан айыққан соңғы науқас осыдан 5 күн бұрын үйіне жіберілді. Пандемия басталғалы стационарда 700-ге жуық адам емделген.

Кеңес Айтымов, Мұнайлы аудандық провизорлық стационар меңгерушісі:
Науқастардың азаюына байланысты ақпан айнының 15 жұлдызында провизорлық орталықты жаптық. Бұрын емхана болған жер сондықтан Маңғыстау-5 ауылына емханасын қайта дезинфекция жасап, толық қайтарып береміз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу