Алматы облысындағы 9 провизорлық орталық жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы 9 провизорлық орталық жабылды

26.08.2020

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып, өңірде 9 провизорлық орталық жабылды. Олардың қатарында Талдықорған əскери госпиталі, туберкулез диспансері, Ескелді жəне Көксу аудандары, Текелі қаласында орналасқан стационарлар бар. Облыстағы бірқатар ауруханалар қалыпты режимде жұмыс істей бастады. Айта кету керек, провизорлық орталықтар жабылғанымен ондағы мамандар індеттің екінші толқынына тас-түйін дайын. Емдеу мекемелері қажетті жағдайда қайтадан ашылып, науқастарды қабылдайтын болады.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда тағы да 9 провизорлық стационар жабылды. Жалпы 3560 төсек-орын болған еді, қазір 1400-ге төмендеді.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу