Ақтауда бір тәулікте 62 тұрғын көктайғақта жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда бір тәулікте 62 тұрғын көктайғақта жарақат алды

19.02.2021

Семей қаласында қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Кеше түнде барлық бағыттағы жолдар жабылған. Өңірде жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласып, көшелерді көк мұз басты. 20-дан астам адам тайып құлап, дәрігердің көмегіне жүгінді.

Ал, Ақтауда бір тәулікте 62 тұрғын көктайғақта жарақат алды. Мертіккен 10 адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Одан бөлек, 3 жол апаты болып, 3 адам ауыр халде аурухана түсті. Ауа райының тосын мінезі тараздықтарды да әбігерге салды.

Қатты желдің салдарынан көп қабатты үйдің шатыры ұшып, бірнеше көлікті басып қалды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу