Қызылорда қаласында болған атыста оқ тиіп, жарақаттанған 18 жастағы жігіт қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оқ іш қуысына терең өтіп кеткен, ішкі ағзалары зақымданған, 4-дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Бірақ, бозбаланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Нұржамал Тұрсынбаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:
- Дәрігерлер баланың өмірімен арпалысты. Ота 3,5 сағатқа созылды. Бірақ, дәрігерлердің қанша еңбегіне қарамастан, ішкі ағзаларының бүлініп кетуіне байланысты бала қайтыс болды
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ