Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 миллионнан асты

19.02.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 миллионнан асты. 

Бразилия - науқастар саны 10 миллионнан асқан АҚШ пен Үндістаннан кейінгі үшінші мемлекет. Мұнда инфекциямен күніне 50 мыңнан астам адам тіркелуде. 243 мыңдайы қайтыс болды. Індтепен күресу үшін коменданттық сағат жарияланып, әйгілі Рио карнавалдарын өткізуге тыйым салынған.

Иракта инфекцияның таралуы күрт өршіп, «британиялық» штамм балалардан да анықталған соң шектеу шаралары күшейтілді. Енді кешкі 20.00-ден таңғы 5.00-ге дейін және сенбі-жексенбіде күні бойы көшеге рұқсатсыз шығуға болмайды. Қатаң тәртіп екі апта сақталмақ.

Шотландия болса мектептерді қайта ашуды жоспарлап отыр.

Никола Стерджен, Шотландияның бірінші министрі: 
Үйде қалу туралы негізгі талап наурызға дейін күшінде болады. Алайда келесі дүйсенбіден бастап оқушылар мектептерге кезең-кезеңімен оралуы тиіс. 

Америка ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сәйкес, Moderna және Pfizer/BioNTech вакциналары оңтүстікафрикалық штамға қарсы тиімсіз. Осы орайда, Еуропалық Одақ коронавирустың мутацияланған түрлерін анықтап, жаңа вакциналарды шығаратын жоба бастайтынын хабарлады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу