Еуропалық одақ елдерінде биыл жаңа көліктердің саудасы 24%-ке төмендеген. Еуропалық автоөндірушілер қауымдастығы сауданың тұралауына карантин шектеулері себеп дейді. Әсіресе Испанияда автомобиль сатып алатындар 51 процентке дейін азайып кеткен. Германия мен Италиядағы жағдай да осыған ұқсас. Тек Швеция нарығында көлік саудасы өскен. Ал біздің елде халық қаңтарда 80 млрд теңгеден аса қаржыға 8 мыңнан аса жеңіл автокөлік сатып алған.
Ақерке Бектас