Ақтөбелік кәсіпкер әйел мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірген. Оны Қаржы мониторингі комитеті, экономикалық тергеулер департаментінің мамандары анықтаған.
Алаяқ әйел 2017-2019 жылдары атқарылмаған жұмысты атқарылды деп, жалған есепшот-фактура берумен айналысқан. Ол үшін атына 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеп, екінші деңгейлі банктерден есепшот ашқан. Сөйтіп, өзіне тиесілі фирмалар арқылы ақша аударып отырған. Енді ол 3 жарым жылын темір торда өткізеді. Сондай-ақ, 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық жасау құқығынан айырылды.
Жақсыбек Кемал