Қазақстанда кедейлік деңгейі былтырмен салыстырғанда 21%-ке артқан. Депутат Ерлан Сайыров күнкөрісі төмен азаматтардың 1 млн-нан асқанын айтады. Ол мәселені шешу үшін әл-ауқаты төмен адамдарға микрокредит беруді ұсынды. «Еңбек» бағдарламасымен былтыр 11 мыңнан аса несие берілген. Дегенмен биыл шағын несие алушылардың саны 5200-ге азайып кеткен. Бұдан бөлек, әсіресе шалғайда өнімді өңдеп, өткізумен айналысатын кооперативтерді құруды ұсынды.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ауылды микрокредитпен қамтамасыз ету, сонымен бірге ауыл халқының бизнес білімін өсіру кедейшілікпен күресудің ең негізгі мақсаты.
Ақерке Бектас