Қазақстанда кедейлік өсіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кедейлік өсіп барады

12.04.2021

Кедейлер кедейленіп, байлар байып жатыр. Finprom.kz сараптау агенттігі келтірген дерекке сай, елімізде ішерге ас таппай отырғандар мен байлардың саны күрт өскен. Мәселен табысы ең төменгі күн көріс деңгейі 34 мың теңгеге жетпейтін отбасылардың саны үш айда 12 пайызға көбейген. Жағдайы төмен жанұялар әсіресе Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тұрады.

Десе де бұған қарамастан еліміз әлем бойынша халқы байып жатқан мемлекеттердің ондығына енді. Агенттік ұсынған тізімде еліміз олигархтар санының болжамды өсуі бойынша жетінші орынға тұрақтаған. Ал бізден кейін АҚШ пен Ресей орналасыпты.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу