Шығыс Қазақстанда көлік жүргізушілерінен пара алған полицейлер сотталды. Олардың заңсыз әрекеттерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті әшкерелеп, қылмыстық іс қозғаған.
Өскемендегі патрульді полиция инспекторлары өткен жылдың жазында жол көлік ережесін бұзған көлік жүргізушілерінен заңсыз ақша алды деп айыпталған болатын. Пара бергендерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағандары толық дәлелденді. Сот шешімімен қалалық полиция басқармасының 3 қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Берік Көшербай