Qazaq Air әуе компаниясы тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qazaq Air әуе компаниясы тексеріліп жатыр

16.02.2021

Авиациялық әкімшілік Qazaq Air әуе компаниясын тексеруді бастады. Нақтырақ айтқанда компаниядағы ұшақтардың жарамдылығы мен медициналық салаға қатысты тұстары жіті бақылауға алынбақ. Лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі де тексеріледі. Бұған әуе компаниясы ұшақтарынан екі күн қатарынан ақау анықталғаны себеп.

Еске салсақ, осыдан төрт күн бұрын Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте оқыс оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиі жарылып, соған қарамастан ұшақ 700 метрдей жер жүрген. Келесі күні тағы келеңсіз жайт болды. Алматы әуежайындағы айлаққа қонған ұшақтың шасси пневматикасы зақымданған. Жалпы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекциялық тексеру жүргізеді.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу