Халықтың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

16.02.2021

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл активтер 1,7 процентке өсіп, 213,9 млрд теңгеге көбейген. Инвестициялық кіріс 178 млрд теңгеден асты. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісі былтыр 1,3 трлн, 2019-да 641 млрд теңгедей болған. Осылайша биылғы көрсеткіш екі есе артты. Мерзімінен бұрын зейнетақы ақшасын пайдалану үшін тұрғындар шотына 408 млрд теңге аударылған. Соңғы мәліметке сәйкес, 1 триллион 855,9 миллиард теңгеге 115 мыңнан аса өтінім қабылданды.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу