Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаты 12 трлн теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаты 12 трлн теңгеден асты

04.11.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаты 12 трлн теңгеден асты

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес, қазақстандықтардың БЖЗҚ салымдарының көлемі былтырмен салыстырғанда 20 пайызға артып, 12,5 трлн теңгеге жетті. Былтыр осы уақытта қордағы қаражат көлемі 10,4 трлн теңге көлемінде болған. 

Бұндағы негізгі сома дәстүрлі салымдардың есебінен қалыптасып отыр, деп жазады ranking.kz агенттігі. Яғни, азаматтардың табысынан ұсталатын міндетті жарналар көлемі 12,2 трлн теңгеге жеткен. Міндетті кәсіби салымдардың көлемі 302 млрд теңге болған. Ал, ерікті түрде салынған жинақтардың көлемі 2,1 млрд теңге. Айта кетерлігі, ерікті салымдардың көлемі алдыңғы статистикамен салыстырғанда, жыл сайын шамамен 5,8 пайызға өсіп отыр. 

«Қазақстанда зейнетақы қоры пайда болған 1998 жылдан бері 2020 жылдың 1 қазанына дейін салымшылардың таза инвестициялық кірісі 5,4 трлн теңгеге жетіп, барлық жинақтың 40% құрап отыр», - деп жазады дереккөз. 



зейнетақы жинақ Қазақстан ақша зейнетақы қоры

Хабарламаларға жазылу