Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары бес апта бойы азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары бес апта бойы азайып келеді

16.02.2021

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары бес аптадан бері азайып келеді. Мәселен, жыл басында жетісіне 5 миллиондай адам «ковид» жұқтырса, қазір олардың қатары 2 миллионға дейін төмендеген. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ал, Италияда қараша айынан бері осы індеттен емделіп жатқандар саны алғаш рет 400 мыңнан кеміді.

Үндістандағы ахуал медицина сарапшыларын таң қалдырып отыр. Мұнда осыған дейін COVID-19 инфекциясы тәулігіне 100 мыңдай адамнан табылатын. Қазір күніне 11 мыңдай пациент қана тіркеледі.

Дегенмен, «Гардиан» газетінің дерегінше, коронавирустың жаңа варианты 10 шақты елден анықталды. Олардың қатарында Британия, Дания, Австралия бар.

Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының мәлімдеуінше, шектеу шаралары пандемияның әлсіреуіне үлес қосты деуге болады.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:
Сандарға келсек, COVID-19 жұқтыру оқиғалары әлем бойынша бес апта қатарынан азайып келеді. Өткен жетіде олардың қазан айынан бері ең төменгі деңгейге дейін түскенін байқадық. Мұның бәрі қарапайым ғана денсаулық сақтау шараларының тіпті вирустың жаңа варианттары пайда болып жатса да, жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу