Қыста суға шомылған шымкенттік балалар елді таңғалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыста суға шомылған шымкенттік балалар елді таңғалдырды

16.02.2021

Шымкентте шомылу маусымы басталды. Осындай атаумен әлеуметтік желіні шарлап кеткен бейнекөрініс еліміздің өзге өңірлеріндегі жұртшылықтың таңданысын тудырды. 

Шындығында Шымкент қаласында соңғы бір аптадан бері күн райы 15-20 градус аралығында жылы болып тұр. Жалпы шаһарды қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойынан жыл он екі ай адам үзілмейді. Өйткені көпшілік бұлақтан бастау алатын судың денсаулыққа тигізер пайдасы зор деп санайды. Өзен бойында жаз мезгілінде тіпті ине шаншар адам болмайды. 

Сәкен Іздібаев, Шымкент қаласының тұрғыны:
Жоқ, ыстықтағандарды білмеймін. Өзіміз әйтеуір ем үшін келеміз. Негізі басым-аяғым ауыратын еді. Осы жерге түскелі жақсы болып қалды. Емдік қасиеті бар. Аяғың ысиды. Сондай жақсылықтары бар. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу