Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар

16.02.2021

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкінінің қаупі басым. Өңірде биыл қар қалың жауып, соңғы күндері күн күрт жылынып кетті. Сол себепті мамандар Іле және Жоңғар Алатау сілемдеріне аэровизуалды бақылауды күшейтті. 

Зерттеу барысында қар жамылғысы тұрақсыз екені анықталды. Таулы аймақта қар қалыңдығы 80 сантиметрге жеткен. Құтқарушылардың айтуынша, елді-мекендерге тікелей келер қауіп жоқ. Алайда күннің жылуына байланысты ақпан айының соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Тікұшақпен бақылау кезінде тау бөктерінде бірнеше жерде өздігінен қар көшкінінің жүруі тіркелді. сондай-ақ өзен арналарында мұз кептелістері байқалмаған. Десе де азаматтарға өздігінен тауға шығып, шаңғымен сырғанамауға кеңес береді. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу