Қолдан мүсін құйып, табысты кәсіпкерге айналды. Атырау облысындағы Доссор кентінде тұратын көпбалалы ана гипстен түрлі бұйымдар жасап, миллиондар тауып отыр. Берекелі іске ауыл балаларын да баулып келеді. Бүгінде ол оқушылар үшін арнайы шығармашылық үйірмесін ашқан.
Қалыпқа құйылып жатқан Эльмира Мусинананың кезекті туындысы. Материалы гипс. Экологиялық таза өнім. 7 бала тәрбилеп отырған ананың берекелі іспен айналысқанына 2 жыл. Осы аралықта ол 3 грант ұтып, түрлі марапаттарды еншіледі. Саудасын ғаламтор арқылы дөңгелетіп отырған ол, айына 200 мың теңге табыс табады.
Эльмира Мусина, көпбалалы ана:
Барлығы балаларымның қамы үшін. Әйелдер тек қана бала тәрбиесімен отыру емес, еңбекке араластыру, жастайынан бастап кәсіпке баулу. Мақсатымыз сол.
Шебердің қолы ортақ. Мүсінші ерекше ісін ауыл балаларына үйретуді бастап кетті. Ол үшін шығармашылық үйірмесін ашты. Қазір 25 оқушы тәлім алып жүр.
Әулет Ғалымжанов, оқушы:
Біздің жасап жатқан мүсінімізді қазір бояп жатырмыз. Өте қатты ұнайды.
Балбөпе Нұғманова, Доссор кентінің тұрғыны:
Екі ерекше балам бар. Осы өнерге асығыс келеді, барам деп. Өздеріне өте ұнайды. Нәтиже жақсы.
Он саусағынан өнер тамған батыр ана - ауыл балаларының бәсекеге қабілетті болғанын қалайды.
Эльмира Мусина, көпбалалы ана:
Үнемі компьютер мен телефонда отырмай балалар, осы жерде өздерінің саусақ маторикасы дамиды, ұсақ маторикасы дамиды. Қолдары жұмыс жасағасын балалардың миы да ойлау қабілеті де арттырып, жақсы нәтижеге жеткізіп жатырмыз.
Мүсінші шығармашылық үйірмесін үлкейтуді көздеп отыр. Себебі, ісіне қызығушылық білдіріп, үйренемін деушілер қатары күн санап көбеюде.
Жандос Темірғали