Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 108 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 108 миллионнан асты

15.02.2021

Германия шекарадағы бақылауды күшейтті. Коронавирустың жаңа түрлерінің өршуіне байланысты көршілес Чехия мен Австрия азаматтарына елге келуге тыйым салынған. Осыдан кейін 4,5 мыңдай жұмысшы үйлеріне қайта алмай, шекарада тұрып қалды. Тәртіпті қадағалау үшін мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Чехия билігі төтенше жағдайды ақпанның 28-не дейін ұзартты. Мұнда «британдық» штамды жұқтырғандар саны күрт артқан. Сондықтан шектеулер мен кешкі 21.00-ден таңғы 5.00-ге дейін коменданттық сағат тағы екі апта сақталады.

Жаңа Зеландияның ірі қаласы Оклендте де үш адамнан «британиялық» штамм анықталып, шаһар үш аптаға карантинге жабылды. Айта кетсек, мемлекетте 6 айдан бері коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген еді. Індетпен күресу үшін елге вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді.

Ал Ұлыбританияда екпені 15 миллионнан астам адам алып үлгерді. Билік мұны «керемет жетістік» деп отыр. Қатаң карантин мен вакцинация арқасында Біріккен Корольдікте инфекция жұқтыру оқиғалары тәулігіне 10 мыңға дейін азайған. 

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу