Елордада «Қайырымды істер марафоны» бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қайырымды істер марафоны» бастау алды

12.02.2021

Елордада «Қайырымды істер марафоны»бастау алды. Игі шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Акцияны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «рухани жаңғыру» жобалық кеңесі ұйымдастырып отыр. Осылайша мемлекет пен бизнес, еріктілер, меценаттар қарапайым азаматтарға қолдау көрсетпек. Мәселен бүгін елордалық меценат, NEO QAZAQ STYLE бағытының негізін қалаушы Мансура Жәкен құны 4 миллион теңгелік 17дизайнерлік ағаш есіктің сертификатын табыс етті. Қолдауға 7 қоғамдық қор ие болды. Солардың бірі «Жібек» тігін орталығы. Мүмкіндігі шектеулі 15 адамды жұмыспен қамтып отырған цехқа сертификат қазір өте қажет еді. 

Аягөз Шнайдер, «Жібек» тігін орталығының директоры:
Менің цехым енді ашылайын деп жатыр. Ремонт аяқталуға жақын қалды. Дизайнерлік есіктерді өзімнің қорыма қоямын. 

Бұл шараға төрағалық еткен елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ізінше Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесін өткізді. Мұнда да 30 жылдықтың асында кезекті игі іске бастау берілді. Бақтияр Мәкен «Ризашылық марафонына» барлық этнос өкілдері белсене қатысса деген тілек білдірді. 

Ләйлә Дулатқызы 

Хабарламаларға жазылу