«Қайырымды істер марафонына» елорда студенттері қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайырымды істер марафонына» елорда студенттері қосылды

22.02.2021

Игілікті іске қолдау көп. «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында Гумилев атындағы ұлттық университеттің студенттері Қарттар үйінің аумағын қардан тазартты. Осылайша жастар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған жалпыұлттық шараға үн қосты. Бүкіл еліміз бойынша өтіп жатқан қайырымды істе белсенділік танытқан студенттер алдағы уақытта басқа да әлеуметтік мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. Айта кетейік, «Қайырымды істер марафоны» бастамасын былтыр желтоқсан айында Волонтер жылының жабылу рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен болатын.


Хабарламаларға жазылу