Қазақстанда COVID және пневмония жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте 951 адамның коронавирус тесті ковидті растады. 82 адам вирусты пневмонияға шалдықты. 1167 адам ковидтен және 286 адам пневмониядан жазылып шықты. Ковидтен 4, пневмониядан 1 адам көз жұмды. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда ахуал әлі де күрделі, қатаң карантиндік шектеулер 27 ақпанға дейін ұзартылды.
Шерхан Жамбылұлы