Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы отставкаға кетті

12.02.2021

Бүгін Токио-2020 Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ёсиро Мори кешірім сұрап, отставкаға кетті. Ол мұндай шешімді әйелдерді кемсітіп, үлкен сынға ұшырағаннан кейін қабылдап отыр. 

Жақында 83 жастағы Мори спорт комитеттері мен федерацияларында әйелдердің тым көп сөйлейтінін айтқан еді. Содан кейін қоғамда оған қарсылық мейлінше күшейді. Ал, кеше Мори өз орнына Олимпиада деревнясының мэрі – 84 жастағы ер адам - Сабуро Кавабучидің кандидатурасын ұсынды. Бірақ, бұл үміткерді үкімет қолдамайды деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу