Ақтөбеде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

12.02.2021

Бүгін Ақтөбеде қызмет көрсетуші автобус паркінің 100-ге жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды.  Олар күнделікті жоспардың тым көптігін,сәйкесінше, айлықтарының мардымсыз екенін айтып шағымданды. Күн сайын кәсіпорынға 70 мың теңге тапсырулары тиіс. Одан бөлек кондукторға 5 мың теңгені өз қалталарынан төлейді. Қосалқы бөлшекті де өзіміз сатып аламыз, дейді. Көбі кейінгі айларда зейнетақы жарнасы да аударылмағанын алға тартты. Ал, кәсіпорын басшылығы соңғы бірнеше жыл бойы өтемақы мен субсидия берілмегенін, сондықтан жағдайдың нашарлағанын айтып отыр. Жүргізушілермен кездесуге келген шаһар басшысы жағдайды барынша түзеуге уәде берді. 

 Асхат Шахаров, қала әкімі:
Әлеуметтік қоғамдық көліктерге субсидия мәселесі алдағы мәслихат сессиясында бекітілуі керек. Бекітілгеннен кейін ары қарай субсидия арқылы мәселе шешілетін болады.Аталған барлық мәселелерді қарап, басшылармен кездесіп, нақты жауаптарын беретін боламыз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу