Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 2 адам жарақат алды. Оқиға кеше түстен кейін сағат бестер шамасында тіркелген. Қаланың солтүстік-батыс көшесіндегі №3 үйдің 2-пәтерінде болған оқыс оқиғадан 24 жастағы жігіт пен 17 жастағы бойжеткен зардап шекті. Денелерін күйік шалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдай қызметкерлерінің алдын ала болжамы бойынша үй иелері газ баллонын дұрыс пайдаланбаған. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері облыста техникалық қауіпсіздікті сақтамаудың салдарынан 262 өрт оқиғасы болып, 7 адам қаза тапқан.
Бауыржан Бадылбаев, облыстық ТЖД Бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы:
- Өртте 4 техника, 20 адамымыз болды. Уақытында хабарламаған. Соның салдарынан өрт өршіп кеткен. 200 шаршы метр жерді өрт шалған. Баспананың 100 шаршы метр жері бұзылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ