Қарағандыда шағын несие ұйымына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 және 28 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олар кінәларын мойындаған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске салсақ, 9 ақпан күні шағын несие беру мекемесіне баса көктеп кірген белгісіз екі адам кассирге бензин шашып, жағып жібереміз деп қорқытып, ақша алып кеткен болатын.
Ислам Мусин, Криминалдық полиция басқармасының басшысы:
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының негізінде аталған қылмысқа қатысты деген екі күдікті ұсталды. Олар 19 және 28 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары. Ұсталған азаматтар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы