Кәсіптің 114 түріне 3% салық жеңілдігі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіптің 114 түріне 3% салық жеңілдігі жасалады

10.02.2021

Үкімет 3% бөлшек салық жеңілдігі жасалатын салалар тізімін бекітті. Оған 114 түрлі кәсіп кірген. Әлеуметтік салық жеңілдігі биылдан бастап 2023 жылға дейін бөлшек саудамен айналысатындарға, көлікті техникалық бақылау, қонақ үйлер, кинотеатрлар, туристік фирмалар мен сауда көрмелерін ұйымдастырушыларға жасалады. Бұдан бөлек, өзге де кәсіп түрлеріне қарастырылған. Дегенмен тамақ өнімдерін сататын сауда желілері бөлшек салық режимін қолдана алмайды. Айта кетейік, биыл шағын және орта бизнестің кейбіріне салық 10-20%-дан 3%-ға дейін төмендетілген.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу