Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу режимі заңдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу режимі заңдастырылады

10.02.2021
Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу режимі заңдастырылады

Мәжіліс депутаттары Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылады.

«Бүгінгі таңда қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру тәжірибесі Еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Осыған орай заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс кестесін, уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады», - деді депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Заң жобасының қорытындысы 22 желтоқсанға дейін дайын болады

Хабарламаларға жазылу