Нұр-Сұлтан оқушылары енді аязда да сабақ оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан оқушылары енді аязда да сабақ оқиды

04.12.2020
Нұр-Сұлтан оқушылары енді аязда да сабақ оқиды

Бүгін, 4 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында аяз күшейді. Қазгидромет күндіз қалада 14-16 градус аяз, түнде 22-24 градус аяз болады деп хабарлайды. Оның үстіне, секундына 7-12 метр жылдамдықпен ызғарлы жел соғады. 

Осыған байланысты, қалалық білім басқармасы бірінші сыныпта оқитын 0-5 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауысқанын хабарлады. Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталмай тұрып, Қазақстанда қатты аяз күндері оқушылар үшін сабақ болмайды. Карантин салдарынан бірінші қыркүйектен бері елдегі мектептер қашықтан жұмыс істеу форматына ауысқан соң, ауа райы қолайсыз болған күндері де оқу онлайн форматта өте береді деген шешім қабылданған. 

«04.12.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-5 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - деп  хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

мектеп аяз сабақ

Хабарламаларға жазылу