Ақтөбеде каратэден Азия кубогының иегері, спорт шеберлігіне үміткер 18 жастағы Дәулет Хайролла кісі қолынан қаза тапты.
Оның денесі кеше қаланың қақ ортасында, көлік ішінен табылды. Бір анығы- жастар өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Артынша, күдіктінің бірі спортшыға қарсы оқ атқан. Полиция осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін 19-20 жастағы қала тұрғындарына іздеу жариялады. Дегенмен, бүгін негізгі күдіктінің қолға түскені хабарланды. Болашағынан үлкен үміт күттірген Дәулет Хайролла ел кубогының үш мәрте жеңімпазы болған.
Жақсыбек Кемал