Қазақстанда жаңа мереке пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңа мереке пайда болмақ

04.02.2021
Қазақстанда жаңа мереке пайда болмақ

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында талқылауға шығарылды.

Онда мынадай тармақты қосу ұсынылып отыр:

«11-1. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым». 

«Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қорғаныс министрлігінде, Ішкі істер министрлігінде арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері Қазақстанда конституциялық құрылысты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып жатыр.  9 маусым Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары АМБ үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне (2016 жылғы 9 маусымдағы № 98) қол қоюына байланысты таңдалып алынды», - делінген ІІМ түсініктемесінде.    




Хабарламаларға жазылу