Tengri Bank-тің экс-қызметкерлеріне халықаралық іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tengri Bank-тің экс-қызметкерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

04.02.2021
Tengri Bank-тің экс-қызметкерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ның басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, «Tengri Bank» АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Алмас Бақытовқа (1977 жылы туған) және банкке бағынышты компанияларының бірінің басшысы болған Тоғжан Рахметоваға (Байжановаға) (1991 жылы туған) халықаралық іздеу жарияланды. 


Ұсталған жағдайда олар бірден тұтқындалады. Агенттік осы кісілер жайлы бірдеңе білген азаматтарға 8 (717)2 708-478 немесе 8 777 111 93 77 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. 


Tengri Bank Қаржы мониторингі агенттігі

Хабарламаларға жазылу