Павлодар облысында аудандық ауруханалардың жанынан короновирус жұқтырған адамдарды емдейтін қосымша провизорлық стационарлар ашылып жатыр. Яғни, ПТР анықтамасы бойынша сырқат деп танылған, бірақ жағдайы бірқалыпты науқастар сондағы дәрігерлердің бақылауында болады. Ал аймақта вирустың таралуы бәсендер емес. Қаңтар айынан бері статистика 200-ден төмен түскен жоқ. Соңғы тәулікте 235 сырқат анықталды. Ал жедел жәрдем қызметі тәулігіне 700-ге тарта шақыртуға барады. Өңірдегі Май ауданынан басқа 3 қала мен 9 аудан түгелдей «қызыл» аумақта.
Ерғалы Асылбек, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарды стратегиялық дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Науқастардың инфекциялық стационарларға түсуінің көбейуіне байланысты қосымша инфекциялық төсек орындар ашылды. Ол Тереңкөл, Май, Баянауыл және Аққулы аудандарында ашылды. Бұл іс-шаралар осы қаланың ішіндегі стационарлардың жүктемесін азайту мақсатында жасалып отыр.
Болат Аманбаев