Павлодар облысында жоғалып кеткен жігітті еріктілер тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жоғалып кеткен жігітті еріктілер тауып алды

07.12.2017

Түнгі 2-де үйінен шығып ұшты-күйлі жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті ауыл жастарынан құралған еріктілер тауып алды. Қайса Дінмұханбет - Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының тұрғыны. Түн ортасында тұрып, қалаға тарта жөнелгенінен әрі ұялы телефонының өшірулі тұрғанынан күдіктенген туыстары келесі күні-ақ полицияға арыз түсірген. Туысқандарының айтуынша, тәртіп сақшылары іздеу жариялауға асықпаған. Араға 4 күн салып Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекө ауылы маңынан жанып кеткен көлік қаңқасы мен адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжамға қарағанда жас жігітті қасақана өртеп жіберген.

Бауыржан Бердіұлы, еріктілер тобының белсендісі:

- 48 сағат өтпей қаралмайды екен олардың заңы бойынша. Біз сол себептен, 2-3 күн уақытымызды өткізіп алдық. Өзіміздің балалардың күшімен ғана ізделді. Жергілікті полиция қызметкерлерінен ешқандай ақпарат ала алмадық. Полиция тарапынан ешқандай көмек болмағандықтан, іздемесек, қашан табылатыны белгісіз болар еді.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу