Қарағанды облысында бір айда 500 кәсіпкерлік нысан санитарлық талапты бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бір айда 500 кәсіпкерлік нысан санитарлық талапты бұзған

01.02.2021

Қарағанды облысы бойынша қаңтар айында мобильді топтар 11 мың кәсіпкерлік нысанды аралап, 500 заңбұзушылықты анықтады. Әсіресе облыс орталығы Қарағандының өзінде қауіпті індеттің өршіп тұрғанынан қарамастан, заңбұзушылықтар азаятын емес. Күні кеше ғана қаланың екі ауданын аралаған тексерушілер кафелердің бірі уақыт шектеуіне қарамастан сағат түнгі 10-нан кейін де жұмыс істеп тұрғанын анықтаған. Кафе иесіне және іште болғандардың барлығына айыппұл салынды.

Бақытжан Алпысбаев, мониторингтік топтың өкілі:
Біз кафеге сағат түнгі 22:00-ден аса кірдік. Іші тола адам. Санитарлық талап мүлде сақталмаған. Бірден полиция шақырдық. Мұндай жағдайда қарсылық көрсететіндер де болады. Сондықтан арнайы жасақ қызметкерлері де келді. Кәсіпкер мен кафе ішінде болғандардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды.  

Қостанайда караоке-бар күзетшілері нысанды түнде тексеруге келген мониторингтік топ өкілдеріне күш көрсетті. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мұндай мекемелер кешкі сегізден бастап жұмысын тоқтатуы тиіс. Соған қарамастан түн ортасына тақаса да бар ішінде муызка ойнап тұрған. Өздерін таныстырып ішке кірмек болған топ өкілдерін күзетшілер тыңдамай, оларды сыртқа сүйреп шығарған. Осыдан кейін тексерушілер оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырып, бардың есігін құтқарушылар бұзып ашты. Ішке кіргенде мұнда 60 адам болғаны анықталды. Карантин талабын бұзғандардың бәріне айыппұл салынды. Ал тексерушілерге күш көрсеткен күзетшілердің үстінен ҚР ҚК-ның 114-бабы бойынша іс қозғалды. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу