Заңгерлер тым көп, мұғалімдер мен құрылысшылар жетіспейді - министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңгерлер тым көп, мұғалімдер мен құрылысшылар жетіспейді - министрлік

29.01.2021

Елімізде заңгерлер тым көп, ал мұғалімдер мен құрылысшылар жетіспейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс жайлы зерттеу нәтижелерін жариялады.

Мәселен электронды еңбек биржасындағы сұраныс былтыр 11 пайызға артып, бос жұмыс орындар саны 900 мыңнан асқан. Ал жұмыс іздеушілер әлдеқайда аз. Сайтқа 600 мың түйіндеме жарияланған. Ал сұраныстағы маман - құрылысшы. Былтырдан бері оларға 16 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылған. Дәнекерлеуші, мектеп мұғалімдері, сатушылар мен күзетші және медбикелердің де жетіспеушілгі байқалады. Ал заңгерлер тым көп. Олардың еңбек биржасындағы түйіндемесі бос жұмыс орындарынан алты мыңға көп болған. Кеңсе қызметкерлері мен сарапшы, кеңесшілер де жетіп артылады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу