Зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін алуға болады

29.01.2021

Елімізде зейнетақы жинағының бір бөлігін енді ЭКО жасату үшін де алуға болады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Яғни бала сүюді армандағандар жинаған қаржысын медицинадағы жүкті болудың технологиялық әдісіне жұмсай алады. Зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеге қосылған сегізінші мақсат «Көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Айта кетерлігі, зейнетақының бір бөлігін сирек кездесетін аурулар мен ересектердің тісін емдеу үшін жұмсауға да болады. Қазір бұл мемлекеттік органдар тарапынан талқыланып жатыр. Қаржыны емделуге пайдалану ережелері осы айдың соңында дайын болуы тиіс. Ал, баспанаға деп өтініштер жібереліп жатыр. Әзірге 151 миллиард теңгенің өтінімі мақұлданған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу