Алматыда карантин күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин күшейтіледі

28.01.2021

Алматыда карантин күшейтіледі. Бүгін қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес 1 ақпаннан бастап сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мейрамхана, дәмханалардың жұмыс тәртібі өзгереді. 

Жазира Оразқызы, тілші:
Мегаполистегі сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері таңғы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Ал сенбі және жексенбі күндері мүлдем жұмыс істемейді. Осы орталықтардағы балалар ойын алаңдары, аттракцион мен батуттарға мүлдем тыйым салынды. 

Сондай-ақ мегаполистегі мәдени нысандар, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрларға көрермендердің келуіне рұқсат жоқ. Олардың да жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану орындары, яғни, дәмхана, мейрамханалар кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана ашық. Қаулыдағы тағы бір өзгеріс - енді коронавирусқа тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер ауруханаға жатқызылады. Құжат 1 ақпанда күшіне енеді. 

Хабарламаларға жазылу