ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі

26.01.2021
ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.

«400 жаңа балабақша ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі.  

Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген.   

500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады.  Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді», - деді Асқар Мамин.


Хабарламаларға жазылу