Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға екі күнде 20 мыңнан астам адам өтініш берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға екі күнде 20 мыңнан астам адам өтініш берген

25.01.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға бүгін үшінші күн өтініш қабылданып жатыр.  Жинағының бір бөлігін алуға әзірге 20 мыңнан астам адам ниет білдірген. Өтініш жібергендердің басым бөлігі, яғни 48 пайызы ипотеканы жабуды қалаған. 17 пайызы керісінше, ақшасын ипотека рәсімдеу үшін алғашқы жарна ретінде сұраған. 13 проценті туысына алып бергісі келсе, үш пайызы жер үйдің құрылысына алмақ ойда. Бұл сандар әлі өзгереді. Өтініштерді otbasy-enpf.kz сайтында қабылдау жалғаса бермек. Қордағы ақшасын 700 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын алуға құқылы екені белгілі. Ал өтініштер 5 жұмыс күннің ішінде қаралады.  

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу