Павлодарда шектеулерге қарамастан мейрамханада туған күн тойлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда шектеулерге қарамастан мейрамханада туған күн тойлағандар ұсталды

25.01.2021

Карантиндік шекетеулерге қарамастан той жасайтындар тиылмай отыр. Павлодар қаласында бір түнде үш бірдей мейрамханада туған күн тойлағандар анықталды. «Дипломат», «Пастила», «Туда» деп аталатын бұл нысандар қаланың қақ төрінде орналасқан. Оларға қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы кешкі сағат 20:00-ден кейін тоқтатылады деген облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы берілген. Рейд барысында бірқатар нысандар түнгі 01:00-ге дейін жұмыс істеп, 20 адамға дейін қабылдағандары белгілі болды. 

Медет Оқанов, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
Бастапқы барған мейрамханада 8 адам туған күн тойлап жатты. Ал қалған екеуінде 20 адамнан болды. Мониторингтік топ үшін бұл нысандарға кіру оңай болған жоқ. Іштен жауып алған. Ал кейбір қонақтар күш көрсетуге әрекеттенді.  

Маңғыстауда 350 адамды жинап, той өткізген тұрғын мен мейрамхана қожайыны жауапқа тартылды. Мониторинг тобы Мұнайлы ауданында орналасқан Тайқазан мейрамханасында өтіп жатқан дүркіреген тойдың үстінен түсті. Тойшы қауым қаннен-қаперсіз әрқайын жүр. Санитарлық талаптардың бір де біреуі сақталмаған. Осыған орай, жауапты тұлғалардан түсініктеме алынып, шара қолдану үшін құжаттар санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Дәл сол күні осы ауданда тағы 6 мейрамханадағы той тоқтатылып, қонақтар үйлеріне қайтарылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу