Түркістан облысының тұрғындары жаппай көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр.
Жетісай ауданының тұрғыны 200-ге жуық адамды жинап, көкпар берген. Тәртіп сақшылары ойынды дереу тоқтатып, қатысушыларды тарқатқан. Тағы бір жайт Арыс ауданында тіркелді. Бұл шараға 100-ге тарта тұрғын ат мініп келген. Мұнда да полицейлер карантин режимін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,жиналған жұртты үйлеріне қайтарды. Бұған дейін де Қазығұрт, Төлеби, Мақтаарал аудандарының аумағында көкпар өткізгендер әкімшілік айыппұл арқалаған болатын.