Астанада ЕАЭО-ға мүше елдер Президенттері 14 өзекті мәселені талқылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ЕАЭО-ға мүше елдер Президенттері 14 өзекті мәселені талқылауда

31.05.2016
Астанада ЕАЭО-ға мүше елдер Президенттері 14 өзекті мәселені талқылауда

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде.

«Бүгін мен сіздерді біздің Еуразиялық экономикалық одағымызды одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылау үшін Астанада көргеніме қуаныштымын. Ең алдымен, барлықтарыңызды осыдан екі жыл бұрын, 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының екінші жылдығы сынды маңызды датамен құттықтағым келеді. Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь бастап беріп, құрамы Армения және Қырғызстанмен толықты және ЕАЭО қызметі қарқын алып келе жатыр. Бүгін біз экономикалық бірлестік қызметінің өзекті, маңызды мәселелерін талқылап, шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз. Күн тәртібінде 14 мәселе бар», - деді отырысты ашқан ҚР Президенті.

Айта кетейік, кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясының Президенті  Владимир Путин қатысуда.

ЕАЭО елдерінің көшбасшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері орталық нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, ықпалдастықты тереңдетудің перспективаларын талқылайды, шет елдермен және өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікір алмасуда. Келіссөздер қорытындысында ЕАЭО қызмет етуінің практикалық мәселелері бойынша бірқатар құжаттар қабылданбақ. 

Хабарламаларға жазылу