Биыл 500 мыңға жуық тұрғын декларация тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 500 мыңға жуық тұрғын декларация тапсырады

20.01.2021

Биыл 500 мыңға жуық тұрғын табысы туралы декларация тапсырады. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы есеп береді. Осы арқылы халықтың кірісі мен әл-ауқатына қатысты мәлімет жиналмақ. Декларация кезінде тұрғындар көлік, банктік және инвестициялық шоттары мен мүлкіне қатысты ақпарат береді. 2023 жылы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектордағы мамандар табысы туралы есеп береді. Ал 2024 жылы заңды тұлғалардың директорлары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер жеке табыс декларациясын тапсыруға міндетті.  

Ақерке Бектас 

 

Хабарламаларға жазылу