Қазақстан жалақы көлемі бойынша әлем елдерімен салыстырғанда ең төменгі орында тұр. Picodi халықаралық қызметі 56 елдің ең төменгі айлығын есептеп, рейтинг шығарған. Жалақыға қатысты сарапшылар зерттеуіне сүйеніп, Мәжілісте Айбек Паяев депутаттық сауал жолдады. Ол сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты ең төменгі жалақы былтырмен салыстырғанда керісінше азайғанын айтады. Жарналар өскен соң ол 42500 емес, 37 400 теңге болып есептелетінін жеткізді. Ал бұл уақытта Украинада ең төменгі жалақы 27%, Ресейде - 5,5%- ға өскенін айтады.
Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:-Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, міндетті түрде өмірдің нақты құнымен де байланысты болуы керек.
Ақерке Бектас