Щучье қаласында екі полиция қызметкерінің өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты іс сотқа жолданды. Айыпталушы - 25 жасар Сергей Воронцев. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың 15-інші қазанында болды. Мас күйінде рөлге отырған жүргізуші қатты жылдамдықпен полиция көлігін соққан. Машинада болған 2 тәртіп сақшысы сол жерде көз жұмды.
Сондай-ақ, былтырғы жылдың ақпан айында полицейлерге бағынбай, қашып кетпек болған 24 жасар сотталушыға қатысты үкім шықты. Тәртіп сақшысын сүйреп кеткен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ермек Елберген