Онсыз да импортқа тәуелді жеңіл өнеркәсіп пандемия кезінде тағы тоқтады. Елде киім өндірісі былтыр шамамен 40 процентке дейін қысқарған. Бұған сырт киім, бас киім, шұлық өндірісін қосуға болады. Жалпы 2019 жылмен салыстырғанда өсім небәрі 3,7%-ке жетті. Сұраныс әлі де толығымен импортқа тәуелді. Сырт киімнің 99, тоқыма өнімдерінің 98, шұлықтың 95, спорттық киімдердің 73 проценті сырттан келеді. Былтыр Қазақстанға осылайша құны 1 млрд доллардан асатын тауар импортталды. Өндіріс азайған уақытта киімнің бағасы 5,2 процентке қымбаттады. Әсіресе Қызылорда, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Ақерке Бектас