Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды

19.01.2021

Отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Үкімет басшысы айтты. Асқар Мамин екпенің алдын-ала тиімділігі 96 пайыз деді. Сондай-ақ кездесуде экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жайы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіру маңызды міндеттердің бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа биылғы төрағалығын жоғары деңгейде атқаруды міндеттеді. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шаралары қаңтардың 26-ы күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралмақ. Оған Президент төрағалық етеді. 

Альбина Әшім
 

Хабарламаларға жазылу