Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, 1 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, 1 адам көз жұмды

19.01.2021

Қызылорда облысы Арал ауданының аумағында жүк көліктері соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты. Оқыс жағдай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 1260-шы шақырымында болған. 

Бірі Ақтөбе облысынан, бірі Өзбекстаннан жүк әкеле жатқан екі көлік бетпе-бет келіп соққан. Қатты қақтығыстан жүргізуші кабиналары жапырылып, отқа оранды. Өкінішке орай, бір жүргізуші көліктің ішінен шыға алмай, сол жерде қайтыс болған. Қайғылы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, жол апатының себеп-салдарын анықтауда. 

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу