Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін

19.01.2021

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов өзіне қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы хабарламадан кейін мәлімдеме жасады. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Егер күресуге тұрарлық дүние болса, жалғыз да майданда жауынгер», – деп жазба қалдырды. 

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы көпшілікті тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды соққыға жығуға шақырған. Бүгінде осыған қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Егер тағылған айып дәлелденсе, спортшы үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал сот отырысының қорытындысы әзірге жарияланбады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу